Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Лондонда Ұлыбритания ашық чемпионатының іріктеуінде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеевтің қарсыласы франциялық Маттео Мартино болды. Спортшылар кордтта 2 сағат 32 минут күш сынасты.

Қазақстандық теннисші үш сетте жеңіске жетті - 6:7, 6:2, 7:6.