Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Мальоркадағы ATP 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші айналымда франциялық теннисші Констан Лестьенмен кездесіп, 7-5, 7-6 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.