Әлемдік рейтингте 132-орында тұрған танымал қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Лондонда өтіп жатқан British Open турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші кездесуде Украина теннисшісі Виталий Сачкомен кездесіп (АТР 278-ші нөмір) екі сетте 6-3, 6-3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.