Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Истборн қаласындағы турнирдің (Ұлыбритания) жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Румыниялық теннисші Влад Корнеамен бірге, аргентиналық Себастьян Баес – Мариано Навон жұбымен кездесіп, екі сетте 3:6, 6:7 жалпы есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.

Ойын 1/8 финалдық кезеңде өтті.