Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов Instagram желісінде танымал бразилиялық Глейсон Тибауға қарсы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

«RCC MMA-да бұл жекпе-жекті өткізу қызық болар еді, тек өзім үшін қалыпты салмақта», - деп жазды Хамитов.

40 жастағы Тибаудың рекорды 38-19. Бұған дейін бразилиялық спортшы әлемнің ең үздік промоушені UFC-де де өнер көрсеткен, ол 28 жекпе-жек өткізіп, 16 жеңіске жетіп, 12 рет жеңіліске ұшыраған. Екі жекпе-жекте Тибау Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачевке есе жіберген.

Айта кетейік, Хамитов кейінгі жекпе-жегінде орта салмақтағы Александр Шлеменкодан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.