Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогының биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті.

Аталған сынға Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысты. Париж Олимпиадасында бақ сынайтын спортшы үшін бұл жазғы ойын қарсаңындағы маңызды жарыс болғаны сөзсіз.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана 12-орын иеленді. Сондай-ақ, доп жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетіп, 33.65 ұпаймен 5-орынға табан тіреді.

Айта кетейік, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының квотасын иеленген болатын.