Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Бешикташ» сапына бірнеше жаңа ойыншы қосылады.

Түркиялық клубтың трансферлік саясаты бойынша кеңесшісі Брэд Фридель алдағы уақытта командаға қосылуы мүмкін футболшылардың тізімін жасады.

Ол тізімге Анхель Ди Мария, Матс Хуммельс, Эмерик Ляпорт секілді танымал футболшылар енді. Сондай-ақ Альберт Грёнбек («Будё-Глимт»), Бертуг Йылдырым («Ренн»), Юсуф Языджиді («Лилль») командаға алу жоспары бар.