«Астананың» бұрынғы ойыншысы Даниил Бескоровайный мансабын Украинада жалғастырады.

Тәжірибелі ойыншы «Полесьпен» 3 жылдық келісімшартқа отырды.

Даниил Бескоровайный «Астана» сапында 2022 жылы өнер көрсетіп, 20 матчта алаңға шықты.