23 маусымда «Каталунья» (Барселона) кешенінде Формула 1-дің 2024 жылғы оныншы кезеңінің жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испания Гран-приінің жеңімпазы «Ред Булл» шабандозы, нидерландылық Макс Ферстаппен болды. Екінші болып жақсы нәтиже көрсеткен «Макларен» шабандозы Ландо Норрис келді. Үздік үштікті «Мерседес» шабандозы Льюис Хэмилтон түйіндеді.

Формула-1. Испания Гран-приі. Жарыс:

1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 66 айналым2. Ландо Норрис («Макларен»)3. Льюис Хэмилтон («Мерседес»)4. Джордж Расселл («Мерседес»)5. Шарль Леклер («Феррари»)6. Карлос Сайнс («Феррари»)7. Оскар Пиастри («Макларен»)8. Серхио Перес («Ред Булл»)9. Пьер Гасли («Альпин»)10. Эстебан Окон («Альпин»)