Алматыдағы OCTAGON 59 турнирінің басты жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) ұйымның вакантты чемпиондық белбеуін сарапқа салды.

Жекпе-жек екінші раундтың соңына қарай аяқталды. «Қырғыз феномені» Худойбердиевті қылқындыру әдісімен жеңді.

Осылайша жеңіліп көрмеген Муртазали Магомедов (8-0) жартылай жеңіл салмақтағы OCTAGON лигасының жаңа чемпионы атанды.

Айта кетейік, 19 шілдеде Алматыда OCTAGON 60 мерейтойлық турнирі өтеді. Кеш аясында белгілі актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар, өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов, Мурад Абдурахманов және басқа да танымал файтерлер өнер көрсетеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink