Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 59 турнирінде жеңіл салмақтағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақ сехудосын» жеңген бразилиялық файтер Клаудеси Брито (9-3) осы дивизионның чемпиондық титулына негізгі үміткерлердің бірі өзбекстандық Сухроббек Атажановпен (6-1) кездесті.

Сухроббек Атажанов екінші раундта бразилиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Өзбекстандық файтердің сенімді жеңісі қазақстандық Сүндет Айтқұлға қарсы чемпиондық жекпе-жекке тікелей жол ашты.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink