Еуразиялық жекпе-жек лигасы ұйымдастырған OCTAGON 59 турнирінің жекпе-жек кешінде оныншы кездесудің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстандық Рамзиддин Омонов (5-3) жартылай жеңіл салмақта Қазақстан файтері «Питон» лақап аты бар Тимур Қуанышпен (4-0) кездесті.

Жекпе-жек тартысты өтті, бірақ айқын фаворит анықталмады. Төрешілер шешімімен екі файтер тең түсті.

Ивенттің басты жекпе-жегі аясында жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) күш сынасады.

Трансляцияны OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink