Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында OCTAGON 59 турнирінің негізгі кардында жеңіл салмақ дәрежесінде қызықты жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Қырғызстандық Айдарбек Қабылов (10-9) октагонда жеңіліп көрмеген қазақ Абай Жалалмен (4-0) кездесті.

Жалалов бірінші раундта қырғызстандық қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңіске жетті.

Жекпе-жек кешінің негізгі кездесуінде жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион, жеңіліп көрмеген Магомед Магомедов (13-0) бразилиялық Маноэль Дос Сантоспен (11-5) кездеседі.

Ивенттің басты жекпе-жегі аясында жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) күш сынасады.

Трансляцияны OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink