Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында OCTAGON 59 турнирінде басты кардттың алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қырғызстандық Эрбол Талантбек уулу (5-2) қазақстандық Қожахмет Иманғалимен (3-0) жекпе-жекте мықтыны анықтады.

Үшінші раундта Қожахмет Иманғали қырғыз файтерін техникалық нокаутпен жеңді.

Ивенттің басты жекпе-жегі аясында жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) күш сынасады.

Трансляцияны OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink