Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық жекпе-жек лигасының бірінші жазғы турнирі – OCTAGON 59 турнирінің кезекті жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Аса жеңіл салмақта қырғызстандық Әділет Календаров пен қазақстандық Руслан Мейірманов кездесті.

Екінші раундта Руслан Мейірманов қырғыз файтерінің соққысына төтеп бере алмай, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

OCTAGON 59 турнирінің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық титулға басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.

Ивенттің басты жекпе-жегі аясында жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) күш сынасады.

Трансляцияны OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.

OCTAGON 59 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink