Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық жекпе-жек лигасының бірінші жазғы турнирі – OCTAGON 59 турнирінің үшінші жекпе-жегі өтті, Prosports.kz

Сегізбұрышта тәжікстандық Амриддин Хочиев пен қазақстандық Талғаи Халмурадов кездесіп, жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.

Қазақстандық файтер қарсыласын тіземен ауыр нокаутқа түсірді.

Аса жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық титулға басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.

Ивенттің басты жекпе-жегі аясында жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) күш сынасады.

Трансляцияны OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.

OCTAGON 59 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink