Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав «Аваи» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 40 жастағы футболшы 2025 жылдың мамыр айына дейінгі келісімшартқа отырды.

Сондай-ақ, футболшы бүкіл мансабында «Монако», «Бешикташ», «Фламенго», «Коринтианс», «Қайрат» және т.б. клубтарда доп тепті.