Қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы қақпашысы Иван Коновалов мансабын Әзербайжанда жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Legalbet мәліметінше, қақпашы жақында ресейлік маман Құрбан Бердыев жаттықтыра бастаған «Тұранға» ауысады. Клуб Коноваловпен бір маусымға келісімшарт жасасады. Трансфер дүйсенбі күні ресми түрде жарияланады.

29 жастағы қақпашы 2024 жылдың 30 қаңтарда «Балтикамен» келісімшарт жасасты, ал 4 маусымда калининградтықтардың сапында бірде-бір матч өткізбей, келісімшартының аяқталуына байланысты клубтан кетті. Transfermarkt ойыншыны 200 мың еуроға бағалап отыр.