Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш Түркияны 3:0 есебімен жеңген ойында оған ассист жасаған Криштиану Роналду туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бәрі гол соққанды ұнатады, бірақ бұл футболдағы ең маңызды нәрсе емес, менің голым соны көрсетеді. Криштиану - біздің үздік сұрмерген, ол голеадор, бірақ ол мүмкіндік берілгенде ассист жасады. Бұл бізге гол соғудан гөрі жеңіс маңызды екенін дәлелдейді.

Біздің мақсатымыз – жеңіс екенін бәрі біледі. Басқа мақсат жоқ. Грузиямен матч өте маңызды болады, жағдайымызға қарамастан, біз жеңгіміз келеді», - деп келтіреді Фернандештің сөзін O Jogo.