Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында F тобында Португалия құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы голды 21-минутта Бернарду Силва соқты, кейін түркиялық Самет Акайдын 28-минутта өз қақпасына гол соғып алды.

Екінші кезеңде Криштиану Роналду Бруну Фернандешке нәтижелі пас берді. Нәтижесінде Португалия 3:0 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.