Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы топтық жаттығудан көпсайыста 59.000 ұпаймен қола жүлде жеңіп алды.

Команда сапында Жасмина Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская өнер көрсетті. Бұл сында Ресей командасы чемпион атанса, Өзбекстан 2-ші орыннан көрінді.