Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының өкілі Әмір Маймұратов Будапешттегі (Венгрия) іріктеу турнирінен сәтті өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы жылдамдық бойынша финалға жетіп, күміс жүлде иеленді.

Шешуші сында ол қытайлық У Пэнге есе жіберді.

Айта кетелік, іріктеу турнирі екі кезеңнен тұрды. Біріншісі Шанхайда, екіншісі Будапештте өтті.

Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезең қорытындысы бойынша алғашқы жетілікке ену керек.

Маймұратов жалпы есепте үшінші орын иеленіп, олимпиадалық жолдаманы қоржынға салды.