Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында тоғызыншы ойын күні, 22 маусымда F тобында Португалия құрамасы плей-офф сатысына жолдама алды.

Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Түркиямен бүгінгі ойында жинақы қимыл көрсетті. Алғашқы турда олар Чехияны 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Түркия Грузиядан 3:0 есебімен басым түсті.

Екі құрама үшін плей-офф сатысына берілетін жолдама тағдырын ертерек шешіп қоюға маңызды еді. Ойынның бірінші кеезңінде португалиялық футболшылар екі гол соғып кетті.

Алдымен 21-минутта Бернарду Силва мергендік танытса, түркиялық Самет Акайдын 28-минутта өз қақпасына гол жіберіп алды.

Екінші кезеңде Криштиану Роналдудың берген пасын Бруну Фернандеш голға айналдырды.Осылайша Португалия қарсыласынан 3:0 есебімен жеңіп, плей -офф сатысына жолдама алды.