Атыраулық «Бейбарыс» шабуылшы Сергей Сталмаков және Илья Ковзаловпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі ойыншымен де келісімшарт бір жылға есептелген.

Өткен маусымда 21 жастағы Сталмаков «Ястреб» сапында Қазақстан Жастар лигасының тұрақты чемпионатында 41 кездесу өткізіп, 67 (16+51) ұпай жинаған. Плей-офф кезеңіндегі бес кездесуде ол 5 (3+2) ұпай жинады.

Ковзалов өткен маусымда «Алматы» командасы сапында Қазақстан тұрақты чемпионатында 50 кездесу өткізіп, 8 (6+2) ұпай жинаған.