Еуразиялық жекпе-жек лигасы OCTAGON 59 турнирінің толық файткардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 маусымда Алматыда көрермендер Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Бразилия, Бахрейн және Армения спортшыларының қатысуымен 14 жекпе-жекті тамашалайды.

Аса жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық титулға басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.

Ивенттің басты жекпе-жегі аясында жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) күш сынасады.

Толық файткардпен төменде танысуға болады:

OCTAGON 59 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink