Танымал қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемде (Ұлыбритания) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалына шығу үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/2 финал кезеңінде Қазақстанның екінші ракеткасы Италия өкілі Элизабетта Коккиареттомен кездесті. Кездесу 6-2, 6-2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, ширек финалда Юлия америкалық Кэролайн Долехидені (WTA 61) 6:3, 6:7 (2:7), 6:1 есебімен жеңген болатын.