20 жастағы қазақстандық шабуылшы Хамза Якуди Литва Бірінші лигасының 15-турындағы ойында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық ойыншы өнер көрсететін Литваның «Бабрунгас» футбол клубы сырт алаңда «Атмосфераны» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Хамза Якуди 78-минутта қосалқы құраммен алаңға шығып, 89-минутта-ақ қарсылас қақпасына дәл соққы жасап, командасының басымдығын еселей түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Хамза спорттық мансабын 2022 жылы «Ордабасы» сапында бастады, ол командада бес кездесу өткізіп, екі гол соқты.