1988 жылғы Стэнли кубогының финалдық сериясындағы канадалық хоккейші Уэйн Гретцкидің сырғытпа таяғы аукционда рекордтық сомаға сатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sotheby's ресми сайтында Гретцки 1988 жылы 26 мамырда «Эдмонтон» сапында НХЛ плей-офф сериясының шешуші ойынында «Бостон Брюинз» қарсы (6:3) ойнаған сырғытпа таяғы 336 000 долларға сатып алынғаны айтылған.

Бұған дейінгі рекорд та Гретцкидің таяғына тиесілі болды. 2022 жылы ол 138,6 мың долларға сатылған.