Cадақ ату Қазақстан құрамасы Анталиядағы (Түркия) Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздің құрама аралас командалар арасында садақ атудан алтын медаль жеңіп алды.

Ел намысын Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова қорғады. Финалда олар Ұлыбританиядан мықты болды.

Үшінші орынды Италия құрамасы иеленді.