Қазанда (Ресей) БРИКС ойындары халықаралық турнирі жалғасып жатыр. Бүгін ересектер арасында көркем гимнастикадан жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы бес шеңбермен жаттығуда 32,700 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Ресей құрамасы 38 100 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Беларусь құрамасы жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді (36 200).

Естеріңізге сала кетейік, турнир 12 маусымда басталып, 23 маусымда аяқталады.

Фото: © РИА Новости / Максим Богодвид