Венгрияның Будапешт қаласында спорттық құзға өрмелеуден екінші Олимпиадаға іріктеу кезеңі өтуде. Үш қазақстандық спортшы келесі кезеңге өтті.

«Жылдамдық» бойынша Әмір Маймұратов пен Ришат Хайбуллин 1/8 айналымға шықты. Маймұратов іріктеу кезеңін жақсы ұпаймен аяқтады.

Сондай-ақ, бүгін Тамара Улжабаева бірінші айналымнан сүрінген жоқ.

Айта кетейік, турнир аясында олимпиадалық квоталар сарапқа салынады. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы жеті орынға ие болған спортшылар Олимпиадаға жолдама алады. Бірінші кезең Шанхайда өтіп, Маймұратов 11, Хайбуллин 32-орынға табан тіреді.