«Астананың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолшиев bombardir.ru сайтына берген сұхбатында мадридтік «Атлетикомен» өткен матч жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Біз үшін бұл үлкен тәжірибе. «Атлетикоға» қарсы тең есеп - тарихи нәтиже. Тіпті жеңіске жетуге де жақын болдық. «Атлетикоға» қарсы тең нәтижеден кейін «Ақтөбені» ұтып, ел чемпионы атанамыз деген ойдамын! Ненад мадридтік командамен өткен ойынның нағыз қаһарманы болды. Эрич мықты қақпашы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді», — деді Жолшиев.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана» өз алаңында «Атлетикомен» тең тарқасты - 0:0.