Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек (16-0, 12 КО) Телфордта (Англия) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Заурбек WBA Continental титулы үшін аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және он раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жекте Заурбек бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оған дейін қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

Осылайша қазақстандық кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Сұлтан кейінгі рет 1 наурызда Телфордта (Англия) жекпе-жек өткізіп, колумбиялық боксшы Виктор Хулионы (17-11, 9 КО) төршешілер шешімімен жеңген болатын.