Еуропа чемпионатының екінші турындағы басты кездесуде Нидерланд пен Франция құрамалары тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

D тобындағы матч Лейпциг қаласында өтті. Кездесуде есеп ашымады - ойын 0:0 есебімен аяқталды.

69-минутта Хави Симонс гол соққан еді, бірақ VAR жүйесі араласып, нидерландтықтардың добы офсайдқа байланысты есепке алынбады.

Матчқа франциялық Килиан Мбаппе қатысқан жоқ, ол Австрияға қарсы кездесуде мұрнын сындырып алған болатын.

Енді D тобында Нидерланд 4 ұпаймен көш бастап тұр. Францияда да сонша ұпай бар, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша қалып тұр. Австрияның еншісінде үш ұпай бар, поляктар екі ойыннан кейін ұпай еншілемеді.

Енді 25 маусымда Нилерланд пен Австрия, Франция мен Польша кездеседі.