Freedom компаниясының басқарма төрағасы және QJ League демеушісі Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясын (ҚФФ) басқарғысы келетіндігі туралы ақпараттың мән-жайын түсіндірді.

- Мен де Telegram арналарды оқып, аздап таңғалдым. Біз қазірдің өзінде өте қызық жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мен QJ League-ға толықтай назар аударамын және біздің басты міндетіміз - балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту деп санаймын, - деді Тимур Турлов.

Еске салайық, көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Тимур Турловтың Қазақстан футбол федерациясын басқарғысы келетіндігі жөнінде жаңалық таратқан болатын. Қазіргі уақыттағы ҚФФ-ның қазіргі басшысы - Әділет Барменқұлов.