V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасы Шолпан Ата қаласында Қырғызстан құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының спортшылары Ыстықкөлде өткен VIII Халықаралық «Қырғызстан бермети» спорт фестиваліне қатысып, қырғыздың Ордо ойыны бойынша жарыстан қола медаль жеңіп алды.

«Алдағы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына дәл осы Ордо ойынының енгенін ескерсек, бұл біз үшін өте маңызды жетістік», — деп атап өтті асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы.