Елдос Сайдалин жаттықтыратын бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада қарсаңындағы маңызды жиындардың біріне кірісті, деп жазады Olympic.kz.

Ұлттық құрама спортшылары Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізуде.

Мұндағы дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін жалғасады.

Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады.

Айта кетелік, Қазақстан әйелдер командасы Париж Олимпидасына үш жолдама жеңіп алды. Олар: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибригаимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі).