Қазан қаласында (Ресей) өтіп жатқан БРИКС ойындарының халықаралық турнирінде Қазақстан екінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық шабандоз Ернат Сұлтан атқа мінуден жекелей біріншілікте бірінші орын алды.

Екінші болып ресейлік Григорий Феофанов, үшінші болып Ресейдің тағы бір өкілі Кирилл Нефедов келді.

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік шабандоздар Григорий Феофанов пен Кирилл Нефедов атқа мінуден командалық турнирде алтын жеңіп алды.

Екінші орынды Қазақстан өкілдері Жалғасбек Сүлейменқұлов пен Ернат Сұлтан иеленсе, үздік үштікті белорустар Николай Плотницкий мен Илья Дацкевич түйіндеді.