Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита еркін агент ретінде «Семей» сапына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бес дүркін әлемнің үздік қақпашысы жақын арада ұзақ мерзімді келісімшарт жасаспақ. Алматылық клубпен салыстырғанда оның «Семейдегі» жалақысы көбірек болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 38 жастағы Игита «Қайрат» АФК сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Командамен ол екі рет УЕФА кубогын (Чемпиондар лигасын) жеңіп алып, 12 рет Қазақстан чемпионы атанған.