Қазақстан құрамасының қорғаушысы Мәди Диханбек карьерасын Ұлыбританияда жалғастырады. Ойыншы шотландиялық «Файф Флайерс» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Шайба.kz сайтына сілтеме жасап.

23 жастағы Сәтбаев түлегі өткен маусымда «Номанда» сапында 24 кездесу өткізіп, 10 (4+6) ұпай жинаған. Чехияда өткен әлем чемпионатында 7 ойын өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

Айта кетейік, ұлыританиялық элиталық хоккей лигасында «Барыстың» бұрынғы қорғаушысы Джо Морроу өнер көрсетеді.