Бес дүркін әлемнің үздік қақпашысы Лео Игита «Қайрат» АФК сапынан ресми түрде кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 38 жастағы Игита «Қайрат» АФК сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Командамен ол екі рет УЕФА кубогын (Чемпиондар лигасын) жеңіп алып, 12 рет Қазақстан чемпионы атанған.