Бүгін Еуропа чемпионаты С тобының 2-туры аясында Словения мен Сербия құрамалары арасында ойын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Мюнхендегі (Германия) «Альянц Арена» стадионында өтті.

Құрамалар есепті матчтың 69-минутында ғана аша алды. Голды Словения құрамасының қорғаушысы Жан Карникник соқты. Шабуылшы Лука Йович 90+6-шы минутта бұрыштамадан кейін гол соғып, Сербия құрамасына жеңілістен аман алып қалды.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтіп жатыр.