Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың әлемдік рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Бірінші орында әлі де Аргентина құрамасы. Франция да екінші сатыны сақтап қалған. Бельгия үздіктер үштігін түйіндеді.

Қазақстан құрамасы өткен нәтижеген қарағанда төмен түсіп, енді 109-орында. Маусым айында Руслан Балтиевтің жетекшілігімен бас команда Армения (1:2) мен Әзірбайжанға (2:3) жолдастық кездесуде есе жіберді.

20 маусым 2024 жыл ФИФА рейтингі:

1 (1). Аргентина — 1860.14;

2 (2). Франция — 1837.47;

3 (3). Бельгия — 1797.98;

4 (5). Бразилия — 1791.85;

5 (4). Англия — 1787.88;

6 (6). Португалия — 1747.04;

7 (7). Нидерланд — 1746.66;

8 (8). Испания — 1729.92;

9 (10). Хорватия — 1728.3;

10 (9). Италия — 1724.37;

109 (103). Қазақстан — 1193.62.