Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Ольга Довгун Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас бапкердің айтуынша, Олимпиадаға лицензия алған спортшылардың бәрі жазғы ойындарға қатысу құқығын сақтаған.

Париж Олимпиадасында сынға түсетін спортшылар:

Никита Чирюкин;Александра Ле;Ислам Сәтпаев;Константин Малиновский;Арина Алтухова;Ирина Юнусметова.