Еуразиялық жекпе-жек лигасы OCTAGON 62 турнирінің бас жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz

23 тамызда Алматыда өтетін турнирде жартылай ауыр салмақтағы ұйымның жаңа чемпионы анықталады. Онда орта салмақтағы ұйымның бұрынғы чемпионы қазақстандық Керім Даидов (10-1) отандасы Константин Меркулов (5-3) чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Еске салайық, титулдың бұрынғы иегері қазақстандық Кәрім Рузбакиев (9-2) титулдан айырылған болатын.

Айта кетейік, алдағы жексенбіде, 23 маусымда Алматыда OCTAGON 59 турнирі өтеді. Онда жартылай жеңіл салмақта бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Кеште жеңіліп көрмеген «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) кездеседі.

OCTAGON 59 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink