«Қайрат» футзал командасының капитаны Игита алматылық клубпен қош айтысып, басқа қазақстандық клубқа ауысты.

Дереккөзге сәйкес, бұдан былай белгілі ойыншы қазіргі Қазақстан чемпионы «Семей» сапында өнер көрсетпек.

Алматылық клуб сапында Игита 14 маусым өткізген. «Қайрат» капитаны екі рет Чемпиондар Лигасында жеңіске жетіп, бес рет әлемнің үздік қақпашысы атанған.

Игитаның орнына «Атырау» голкипері Ерасыл Шарапиденов келеді деп күтілуде. Ол «Қайраттың» басқа қақпашылары бразилиялық Деннис пен Нарун Серіковке қосылады.