Қазақстан құрамасы Ресейде өтіп жатқан “Брикс 2024” ойындарында алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды.

Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Құрбаев Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан “Брикс 2024” ойындарының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

55 келіде белдескен балуанымыз ақтық айқаста Еуропа чемпионы, ресейлік Виталий Кабалоевтан басым түсті. Осылайша Исхар “Брикс 2024” ойындарының тұңғыш жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, “Брикс 2024” ойындарына әлемнің 90 елінен, 5000-ға жуық спортшы сынға түсіп жатыр.