Adidas компаниясы Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессидің жаңа үлгідегі футболға арналған аяқ киімін таныстырды. Месси Америка кубогында осы "алтын бутсыда" ойнайды.

Adidas кеше, 19 маусымда Adidas Messi F50 Triunfo Dorado футболға арналған аяқ киімін ресми түрде таныстырды. Бутсы бүгін сатылымға шығады. Сондай-ақ Америка кубогы турнирінде Месси осы бутсыда ойнайтынын жоғарыда айттық.

Америка кубогы АҚШ-та 20 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Аталмыш жарыста аргентиналықтар А тобында Канадаға (21 маусым), Чилиге (26 маусым) және Перуге (30 маусым) қарсы матчтар өткізеді.

Айта кетейік, 14 маусымда футболдан Еуропа чемпионаты басталған еді. Қазір Германиядағы Еуро-2024 додасының топтық кезеңдегі 2-тур ойындары өтуде. Аталмыш жарыс 14 шілдеге дейін жалғасады.һ