Феррао деген лақап атпен танымал бразилиялық шабуылшы Карлос Вагнер Гуларте Фильо cемейлік футзал клубының ойыншысы атанды.

футзалдан әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы 2014 жылдан бері ойнаған испаниялық «Барселона» командасымен қоштасып үлгерді. Феррао жақын арада «Семей» қатарын толықтырады деп күтілуде.

33 жастағы бразилиялық ойыншы үш рет Испания чемпионатын (2018/19, 2020/21, 2021/22), екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сонымен қатар үш рет әлемнің үздік ойыншысы болды (2019, 2020, 2021).

Еске сала кетсек, «Семей» жақында ғана футзалдан Қазақстан чемпионы атанып, «Қайраттың» 20 жылдық гегемониясын тоқтатқан болатын.