Маусым айының соңында Қазақстанның барлық кинотеатрларында аралас жекпе-жек туралы тұңғыш отандық фильмнің премьерасы болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

UNDERDOG компаниясы жасаған OCTAGON фильмі прокатқа 27 маусымда шығады. ММА сахнасындағы шынайы, тартымды оқиға және қызықты кейіпкерлер көрермендер мен аралас жекпе-жек жанкүйерлеріне естен кетпес эмоция мен керемет атмосфера сыйлайды.

Айта кетейік, 23 маусымда Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасы – OCTAGON 59 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген «Қырғыз феномені» Мұртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық Сардор Худойбердиев (7- 2) кездеседі.

OCTAGON 59 турнирінің билеттерінzakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink